15.10.2024, 10:30
Оқылды: 93

Жәнібектіктер чемпионды күтіп алды

7-10 қазан аралығында Шымкент қаласында өткен аударыспақтан 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында XII Қазақстан Республикасының чемпионатының алтын жүлдегері, 42 келі салмақ дәрежесінде ҚР чемпионы атанған жерлесіміз, ауданның жас спортшысы Рамазан Бақтығалиды жерлестері күтіп алды.
image-15-10-24-08-46-3
Ауылдың кіре берісінен чемпионға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Руслан Нұрәлиев бастаған өнерпаздар ақ пен дәм ұсынды.
image-15-10-24-08-46-1
Ауданның мерейін асқақтатқан батырымызға құрметін білдіру үшін туып өскен жері Өнеге ауылынан бір топ атқа мінер азаматтың сәлемін арқалаған Нұрлыбек Ғаббасов пен Анар Өтешова  чемпионға қаржылай демеушіліктерін білдірсе, аудандық Ұлттық Ат спорты Федерациясының Президенті Арсен Кенжәлиев батырды баптаған бапкеріне шапан жапты.
image-15-10-24-08-46-4
Баласы бәйгеге шапты деп тақымын қысып отырған ата-ана, туыс-жақындары да жеңімпазға жылы құшақтарын жайып, қеуделерін мақтаныш пен қуаныш кернеп тұрғандығын жеткізді.
image-15-10-24-08-46-2
Еске сала кетсек, ҚР чемпионы атанған Рамазан Бақтығали М.Ықсанов атындағы колледждің 1 курс студенті. Чемпионды дайындаған жаттықтырушысы – Бейбіт Аронов.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале