Таяуда Ақсайда жастар, ересектер және ардагерлер арасында гір спортынан Бөрлі аудандық ашық біріншілік өтті.
Жарысқа сегіз команда қатысты. Аталған жарыста Жәнібек ауданына үш алтын бұйырды. Дәлірек айтсақ, ардагер спортшылар арасында 73 келі салмақта Қайрат Байсұлтанов, 78 келі салмақ дәрежесінде Рақым Кәкімов және 110 келіде Серік Самодиянов бірінші орындарға ие болды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы