11.08.2024, 10:12
Оқылды: 146

Жәнібектіктер қалалық спартакиадада үздіктер қатарынан көрінді

Спорт күніне орай спорт клубы қызметкерлері арасында І ашық қалалық спартакиада өтті.

7127279E-8767-4DD4-97F6-23D41264FBA3

Оған 12 аудан мен бір қалалық спорт клубының командасы қатысып, шағын футбол, асық ату, арқан тартыс, үстел теннисі, садақ ату, волейбол сынды спорт түрлерінен жекелей және команда есебінде бақ сынады.

Жәнібек ауданының аяқдопшылары шағын футболдан қарсыластарын оза шауып, 13 команда ішінен І орынға ие болды. Ринат Ахмулдин «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.

Сонымен қатар асық атудан спортшылар ІІ орыннан көрінді. Жалпыкомандалық есепте «Жәнібек» спорт клубының командасы төртінші орынға табан тіреді.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале