5.06.2022, 10:16
Оқылды: 32

Жәнібектіктер референдумға белсенді қатысуда

Жәнібек ауданында 19 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сондай-ақ дауыс беруге құқығы бар 9770 азамат бар.

2

Бибигүл Қойбасова №136 референдум учаскесіне таңғы 6:30 да келді. Ол референдумды асыға күткенін жасырмайды:

«Сайлау күнін асыға күттім. Өз таңдауымызды, өз пікірімізді айтуымыз керек. Әр адам өз пікірін жасырмай, айта алатын кезең өте маңызды деп есептеймін. Бұл Қазақстанның әрбір азаматы үшін үлкен артықшылық деген ойдамын. Өз құқығымызды пайдалануымыз керек».

Хасанов Нұрай үшін бүгін ерекше күн. Өйткені ол бүгін алғаш рет сайлауға қатысты. 18 жасар студент, ел болашағы үшін дауыс беруге келдім - дейді. Тіпті толқып тұрғанын да жасырмады:

«Мен өте қуаныштымын және де кішкене қолбалжу сезімі бар. Себебі, ол өте жауапкершілікті талап ететін сәт. Өз азаматтық міндетімді сезіне отырып, өз елімнің болашағына деген үлесімді қостым деп үміттенемін».

1№136 референдум учаскесіне алғаш дауыс берген Нұрай естелік сыйлыққа ие болды.

Ә.Әбділдақызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале