2.06.2021, 16:27
Оқылды: 28

Жәнібектіктер жол мәселесіне алаңдаулы

Ауданға жол салынатынын естігенде жәнібектіктердің қуанышында шек болмады. Алайда жол салып жатқан мердігерлердің жүк тасушы ауыр көліктері Жәнібек ауылының ішімен өтіп, ауылішілік асфальтты бүлдіре бастады.

c6ba6302-00aa-46ed-99a1-09f3733b53a6

Дәлірек айтсақ, ауыл сыртында орналасқан айналма жолмен өтуді қиынсынған жүргізушілер жол қысқартпақ ниетпен Жәнібек ауылының  оңтүстік бағытындағы Е.Ниетқалиев атындағы көше жолы арқылы өтеді. Сонымен қатар, Қ.Мусин, Т.Жароков атындағы және Жеңіс көшелерімен де ауыр техникалардың жүріп өткенін көрген тұрғындар Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымы төрайымының атына арыз-шағымдар түсірді.

Осыған орай аудандық партияның бақылау комиссиясының төрағасы Миранбек Ибатов пен «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Айтқалиқызы және аудандық жол полициясының инспекторы Данияр Мұқатов, басқа да топ мүшелері арнайы бақылауға шықты.

жол

Тексеріс барысында комиссия мүшелері мердігер «Атырау жолдары» ЖШС-ның қызметкерлеріне арнайы бекітілген айналма жолмен жүру керектігін ескертіп, бүлінген жолдарды қайта қалпына келтіруге тапсырма берді.

Мердігер «Атырау жолдары» ЖШС-ның жоба басшысы Әліби Омарұлы берілген тапсырманы бір апта ішінде орындауға уәде етті.

 

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале