Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Орал қаласында 2004-2006 және 2007-2010 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында аударыспақтан Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті.Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Орал қаласында 2004-2006 және 2007-2010 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында аударыспақтан Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті.
Жарыста Ұлттық спорт мектебі, Орал спорт клубы, Жәнібек, Сырым, Қаратөбе, Ақжайық аудандары мен Ақтөбе және Жамбыл облыстарының палуандары өнер көрсетті.
Жәнібек ауданы командасының палуандары жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, 42 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Болат 2-орын, Рамазан Бақтығали 1-орынды қанжығасына байлады. Дәурен Өрболатұлы 54 келі салмақта 2-орын алды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы