20.01.2023, 20:00
Оқылды: 31

«Жануардың жағдайы бірқалыпты»

20 қаңтар күні «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты территориясы аумағына кіретін «Үміт»  қыстағына адасып келген бұғы тұқымдас жануардың жағдайын білу үшін Казталов ауданына Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының нұсқауымен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының аға ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Ғайса Ғарапұлы Абсатиров арнайы келді.

20230120164506_IMG_0874

Казталов ауданының Тереңкөл ауылдық округіне қарасты «Үміт» қыстағында орналасқан жануарды көруге облыстан келген профессордың қасына «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бисебай Төлепов, мемлекеттік инспекторлары бірге барып, дала жануарына бақылау жүргізді.
Ғайса Ғарапұлы бұғы тұқымдас жануарға ветеринариялық бақылау жүргізіп, дене қызуын өлшеді. Сонымен қатар ол жануардан қан сынамасын алып, тексерді.
Облыстан келген ғалымның барлық жұмысын суретке түсіріп, өзін сөзге тарттық.

20230120163238_IMG_0856
- Бұғы тұқымдас жануардың жағдайы бірқалыпты. Денесінде жарақат, басқа да ауру белгілері жоқ. Дене қызуы жоқ. Қан сынамасынан бруцеллез, басқа да аурулар белгісіне оң нәтиже берген жоқ.  Мұндай жануар менің жұмыс тәжірибемде бірінші рет кездесіп отыр. Негізі,  бұғы тұқымдастарына жататын жануарды теңбіл бұғы (пятнистый олень) деп айтуға толық негіз бар. Бұғының бұл түрі біздің өңірді мекен етпейді. Қызыл кітапқа енген жануар. Көп ұзатпай жануарды өзіне ыңғайлы облыстағы арнаулы орындарға апаруды қажет етеді. Дала жануары тасымалдауға жарамды, - дейді Ғайса Ғарапұлы.

Қайрат Жақып

Қазталов ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале