Қазақстан Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттарды кезектен тыс сайлауға жас отбасылар белсенді келіп жатыр.
Сырым ауданының №291 сайлау учаскесінде түрлі салада қызмет ететін жас отбасылар дауыс берді.
Олар Ишанғалиевтер мен Ғалиевтер жанұясы таңдауларын жасады.
Сырым ауданының Өлеңті ауылындағы №293 сайлау учаскесінде түрлі саладағы еңбек адамдары Ғайниевтер әулеті бала-келінімен бірге келіп дауыс берді. Бір ерекшелігі, Ғайниевтер әулетінің жасы да, жасамысы да ұлттық болмыстың иісі шығатын тақиясы мен орамалдарын тағып алыпты.
- Болашақ жастардыкі. Ол жастарға жол сілтеу аға буынның міндеті. Еліміз үшін маңызды күнде отбасымызбен бірге дауыс берейік деп шештік, - дейді Талғат Ғайниев.
Жас жанұяларға үлгі боларлық отбасылардың бірі - Ихсановтар жанұясы бала-шағасымен бірге дауыстарын берді. Отағасы Бауыржан Ихсанов Сырым аудандық А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz