Аудан айнасының мерейтойы аясында айтыскер ақын, айтыстың алғашқы қарлығашы, «Сырым ауданының құрметті азаматшасы» Жаңыл Жұрмағамбетованың 95 жылдығына арналған оқушылар мен жастар арасында облыстық айтыс өтті.
«Еліне өнерімен сүйікті болған» оқушылар мен жастарға айтыстың атасы Жүрсін Ерман видео арқылы құттықтауы мен батасын берсе, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, ақын, журналист Махмет Қажиахметов, Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО филиалының төрағасы Бауыржан Халиолла ақындарға ақ тілектерін жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.
Ел ағаларының батасын алған ақындардың алды студент болса, кейінгісі айтыс өлкесіне алғашқы қадамын жасап, сахнада тұсауы кесілді.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz