Айтыскер ақын, қазақ айтысының қарлығашы, "Сырым ауданының Құрметті азаматшасы" Жаңыл Жұрмағамбетованың 95 жылдығына орай ақын тұрған Жымпиты ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 6 үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Шараға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, "Сырым ауданының Құрметті азаматы" Махмет Қажиахметов, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының басшысы Бауыржан Халиолла, ақынның інісі Самат Жұрмағамбетов, ұл-қыздары қатысты. Тақтаны ашу рәсімі аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының басшысы Бауыржан Халиолла, ақынның інісі Самат Жұрмағамбетовке ұсынылды.
Тақта ашылғаннан кейін шара қонақтары Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебінде болды.
Шара "Еліме өнеріммен сүйіктімін" атты облыстық оқушылар мен жастар айтысына ұласты.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz