9.12.2025, 0:00
Оқылды: 3

Жәрдемқызы жекелей қабылдау өткізді

Бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова  "Мобильді қабылдау" аясында Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінде азаматтарды қабылдады.

IMG-20251208-WA0071

Қабылдау барысында Сейтәлі қыстағының тұрғындары өздері тұратын жерге елді-мекен статусын беру туралы, соның негізінде табиғи газды тұтынуға жол ашылатынын айтса, Ұялы ауылының тұрғындары мәдениет үйін салып беруді сұрады.

IMG-20251208-WA0074
Сонымен қатар, тұрғын үй, жұмыспен қамту, интернет байланысының сапасы туралы сұрақтармен жолықты.

IMG-20251208-WA0072
Өз кезегінде Гаухар Жәрдемқызы барлық мәселенің назарға алынып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыстанатынын жеткізді.

IMG-20251208-WA0075

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале