24.05.2023, 16:11
Оқылды: 38

«Жарқын бейне» бұрышы ашылды

Бүгін ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай  аудандық мәдени-демалыс орталығында дәстүрлер бөлмесінің жаңартылуына байланысты «Жарқын бейне» бұрышы салтанатты түрде ашылды.

 

IMG_2377

Аталмыш шараға Халықтық «Айзере» әжелер ансамблінің мүшелері, өмірден өткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің ұрпақтары, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғали, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері, аудандық мешіттің имамы қатысты.

Ашылу салтанаты барысында А.Нұрғалиқызы сөз алып, өмірден өткен мәдениет қызметкерлерін еске алды. Сондай-ақ қазіргі таңда аудан мәдениетін өркендетіп, өнерде өзіндік орны бар қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап жылы лебізін білдіріп, Халықтық «Айзере» әжелер ансамблінің мүшелеріне аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың алғыс хатын табыстады.

IMG_2387

 

Одан әрі З.Жүсіпқалиұлы ортаға шақырылып, барша мәдениет және өнер қызметкерін айтулы мерекемен құттықтай отырып, өмірден озған, сондай-ақ осы салада жүрген мәдениет қызметкерлері жөнінде кітап жарық көрсе деген көкейіндегі тілегін жеткізді.

IMG_2465

Жарқын бейнедегі жандардың ұрпақтары атынан Жолай Шараповтың жұбайы Жансұлу Қожанова сөз сөйледі. Әрі қарай қазіргі таңда өмірде жоқ болғанымен өнерде мәңгілік орны бар мәдениет қызметкерлерінің рухына арнап құран бағышталып, ұрпақтарына дастарқан жайылды. Бұдан соң «Жарқын бейне» бұрышының ашылуы «Өнер құдіреті мәңгілік» атты концерттік бағдарламаға ұласты.

IMG_2485

 

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале