Жақында Оралда «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Аталған олимпиаданың басты мақсаты – қазақ тілін оқытудың сапасын арттырып, мемлекеттің тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, дамытуға көмектесу.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы жыл сайын «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен өткізіледі. Олимпиадаға ұлты қазақ және өзге ұлт өкілдері қатысады. Білім жарысында 7-11 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 бағыт бойынша білімдерін сынайды. Байқау кезеңдері «Бейнелеушілер», «Білгірлер бәйгесі», «Жас қаламгер», «Сөз шеберлері» және «Әнші-бұлбұлдар» деп аталады.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Бөрлі ауданының оқушылары алдыңғы қатардан көрінді. Атап айтар болсақ, №8 мектебінің оқушысы Айболат Баймұрат І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ал Ақсай қаласының №1 мектебінің оқушысы Баян Сұлу Тілеулесқызы, №5 мектептің оқушысы Анастасия Золотарь, №6 мектеп-лицейдің оқушысы Бекзада Айтқали, №4 мектептің оқушысы Махаббат Түркебаевалар ІІІ орынға ие болған. Ал №5 мектептің оқушысы Заманбек Оразкелдиев алғысхатпен марапатталды.
Республикалық кезең 12-13 сәуір күндері Астанада өтеді.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz