30.03.2022, 17:15
Оқылды: 59

 «Жарқын жүздесу» жаңаша форматта өтті

Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі мен «Jas Otan» ЖҚ бастаған «Жарқын жүздесу» бағдарламасының кезекті кездесуі өтті. Бұл жолғы жүздесудің  форматы да,  кейіпкерлері де өзгеше. Теректі аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесе ұйымдастырылған шара аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылды. Бағдарлама қонақтары «Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхы, «Ақжайық» спорт клубының директоры Дамир Қалақов, клуб ойыншылары Мирам Сапанов пен Бауыржан Омаровтар болды.

IMG-20220330-WA0054

Сұқбат тізгінін ұстаған Ү.Орынғалиев жоба қатысушыларына «Сұрақ — бізден, жауап — сізден» деп меймандардың қызметтеріне қатысты қызықты сұрақтар қойды. Жоба барысында ауданның жас футболшылары толғандырып жүрген сауалдарына, тұшымды жауап алды. «Ең үздік сұрақ» қойған екі оқушыға клуб атынан сыйлық ұсынып, жуырда  Ақжайық-Қайрат клубтары арасында өтетін ойынға тегін билеттер сыйлады.

IMG-20220330-WA0042

Аяқ доп шеберлері М.Сапанов пен Б.Омаровтар жас спортшыларға доп тебуден шеберлік сағатын өткізді.

Жүздесуге қатысқан аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Т.Ниетқалиев және аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры С.Махамбетов сөз сөйлеп, жұмыстарына табыс, алдағы ойынға сәттілік тіледі.

IMG-20220330-WA0028

Клуб басшылығы мен спортшыларға аудан әкімі Тілек Габдушевтың атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Жүздесу барысында ауданымыздың жұлдыздары Елжас Мағзом мен Сұлтан, Бейбарыс Ғарифуллиевтер әннен шашу шашты. Жоба соңында ауданның жас  спортшылары  футболшылардан қолтаңба алып, естелік суреттерге түсті.

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале