Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің нәтижесінде 15-ке жуық адам екі қолға бір күрек тапты.
Мәселен, жәрмеңке кезінде «Ботанова.А.» жеке кәсіпкерлігі еден жуушы таңдап алса, «Шыңғырлау спорт клубы» ауылдық округтерде орналасқан филиалдарына 7 әдіскерді жұмысқа алды.
Айта кету жөн, ауданымызда 500-ге тарта жұмыссыз тіркелсе, аталған шара барысында 70 жаңа жұмыс орны ұсынылды.
Айсұлу Амангелдіқызы
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz