15.06.2023, 17:30
Оқылды: 22

Жәрмеңке өтті

Тасқала ауданы орталығында сүт өнімдері, құстар мен жеміс-жидектер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

жәрмеңке 1

 Күнделікті сауда орындарындағы бағамен салыстырғанда көк базардағы тауарлар бағасы аудан тұрғындарына тиімді болды.

Мұнда Атамекен, Достық және Тасқала ауылдық округтерінің шаруалары сүт өнімдерін, кәсіпкерлер құс балапандарын ұсынды. Келген көпшіліктің бірі үйректің балапанын, енді бірі май, қаймақ пен жеміс-жидектер сатып алып жатты.

жәрмеңке 2

 - Осы жәрмеңкені ұйымдастырып отырған ұйымдастырушыларға көп рақмет. Бұл жәрмеңкенің тиімділігі – бағасының қол жетімділігінде. Мен Атамекен ауылынан әкелінген қолдан жасалған ірімшікті сатып алдым. Аталмыш жәрмеңкеде сөреге ауыл шаруашылығы өнімдері мен сүт өнімдері шығарылды. Алдағы уақытта да осындай шаралар ұйымдастырылса, халық разы болар еді, – дейді ауыл тұрғыны Айнұр Жұмағазиева.

жәрмеңке 3

– Бүгінгі жәрмеңкеге қаздарымды көбейту үшін қосымша балапандар сатып алуға келдім. Қолжетімді бағамен қаздың 15 балапанын алдым. Құс балапандары мен өнімдерін сатуға келген кәсіпкерлерге алғысымды айтамын. Осылай жиі келіп тұруын сұраймын, – деді Ынтымақ ауылының тұрғыны Қанапия Ізғалиева

                                                                              Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале