28.07.2022, 21:53
Оқылды: 48

Жәрмеңкеге келіңіз!

Теректі ауданында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін нақты қадамдар жасалуда. Соның ішінде қат болып кеткен қанттың бағасын қолжетімді жасау үшін қабылданған шара өз нәтижесін берді. 

02538699-044c-46cf-9007-e457832b8a0d

Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Азат Аубакиров:

- Облыс әкімдігі қол жеткізген келісім бойынша елдегі қант шығаратын зауыттан тіке жеткізуші арқылы келіп жатқан қанттың келісі - 540 теңге. Бұл қанттың тұрақтандырылған құнына сәйкес. Ал сатушылар өз тарапынан үстемелеген кезде 1 келі қанттың бағасы 580-590 теңге болады. Осымен төрт рет тіке бағамен жеткізілген қантты ауылдық округтердегі  дүкендерге бөліп түсіріп жүрміз. Бір қолға 2-3 келіден сатылады, - деген мәлімет беріп отыр.

Және де аудандағы көкөніс өсірумен айналысатын қожалықтар өз өнімдерін жәрмеңкеге шығаруды бастады.

Өткен сенбіде Подстепный ауылында «Жайна» ЖШС, «Миронов», «Солодовников» шаруа қожалықтары және «Козлова», «Науша» жеке қосалқы шаруашылықтарының сатылымға шығарған қырыққабат, қияр, қауын бағасы тұрғындардың көңілінен шықты.

bfdd8160-ea5a-43ed-bef5-d88f9e2989be

- Осындай көкөніс жәрмеңкесі енді апта сайын ұйымдастырылады. Алдағы уақытта көктің жетілуіне қарай ұсынылатын тауар түрі де кеңейеді, - деген Азат Абдулхамитұлы ауыл тұрғындарын өз өнімдерін жәрмеңкеге шығаруға шақырады.

Камелия Қарекесова, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале