Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев тасқын судан зардап шеккен Подстепный ауылындағы 50 тұрғынға баспана кілтін табыстап, тұрғындар қуанышына ортақтасты.
Кілт табыстау салтанатты іс-шарасы өткен соң үйі су тасқыны кезінде жарамсыз деп танылып, бүгінгі таңда қоныстойын тойлап жатқан ауыл тұрғыны Лаура Нысанованың шаңырағына барды.
- Наурыз айының соңында үйімізді су басты. Бір қиындықтың артында жеңілдік тұрады деген шын сөз екен. Бүгін баспаналы болып отырмыз. Жарық, кең 3 бөлмелі, үлкен, барлық жағдайы жасалған үйге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін», - деді Лаура Сержанқызы.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы лебізін білдіріп, «шаңырақта тек той болып, сәбидің үні естіле берсін» деген тілегін арнап, су жаңа теледидар сыйлады.
Өз кезегінде аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова да тілекке қосылып, қуанышын жасырмады.
Үй иесі құрылыс жұмысына салғырт қарамай, жауапкершілік танытып, сапалы аяқтаған «CHRYSTAL GERATION LTD» ЖШС директоры Ахметжан Кенжеғұловқа алғыс жаудырып, отбасы атынан естелік сыйлық табыс етті.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы