Жасыратыны жоқ, қай ауыл-аймақ болмасын электр сымдарының тозғанынан жауын-шашында зардап шегеді.
Қолда барды лекерлеп, жарықсыз қалмаудың жолын қарастырып жатқаны. Дейтұрғанмен соңғы кездері көнетоз электр сымдарын жаңартып, жарық шамдар орнату жұмысының қолға алынып жатқаны қуантады.
Соның бір дәлелі жуырда Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылдық округіндегі атқарылған шаралар. «Әлім» жеке кәсіпкерлігінің қызметкерлері И.Тайманов және С.Датов көшелеріндегі бағаналардағы сымдарды ауыстырып, жарық шамдар орнатып шықты.
Жалпы бұл жұмыс алдағы уақытта да Молдағұлова және Мәметова көшелерінде жалғасады.
Гүлназ Мұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz