Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Елорда күніне орай салтанатты шара өткізілді.
Департамент бастығы Ернұр Өтегенов салтанатты жиында сөз сөйлеп, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің атынан «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен Денис Липинді марапаттады.
Еске сала кетейік, Денис Шыңғырлау ауылы маңындағы Елек өзенінде суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған еді.
Өз басын қатерге тігіп, бір жанды ажал аузынан алып қалған Дениске төсбелгі таға отырып, батыл әрі дұрыс шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
Нұржан Қуанов,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің м.у.а
Шыңғырлау ауданы