Теректі ауданында «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша оқыған 335 адам арасында өз ісін бастап кеткендер бар.
Солардың бірі – Федоровка ауылының тұрғыны Гүлназ Құсайынова тігіншілікпен айналысады.
Тігін машинасы жоқ болып, бірде қолымен, бірде таныстарынан сұрап алған машинасымен іс тігіп жүрген Гүлназдың қолы шебер. Үйдегі үш қызғалдағы мен өзіне тіккені өз алдына, сол кездің өзінде таныс-туысқа әдемі көйлек тігіп, мақтау естіп жүрген еді.
Өз ісін ашуға бел байлап, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы ұйымдастырған 3 айлық курстан өткен соң Гүлназ бизнес-жобасын жасақтап, қайтарымсыз грант алуға талпынды. Ісі оң болып, «Жас кәсіпкер» жобасы бойына 505 мың теңгелік грантқа қолы жеткен ол іске керекті құрал-сайман, машина-құралды түгендеді.
Киім пішетін үлкен үстел, тігін машинасы, манекен дегеннен бастап, қайшы, ине-жібіне дейін сайлап алған Гүлназ қазір аз-аздап тапсырыстар да алады.
Үш баланың анасы, жас кәсіпкер қазір қарбалас тірлік үстінде. Жаңа жылдық костюмдер, балалардың сәнді киімдерін тігуде.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер