31.07.2023, 15:00
Оқылды: 67

Жас кәсіпкерлермен кездесті

Жас кәсіпкерлердің тың идеяларын дамыту және жастардың кәсіпкерлікке деген ынталарын арттыру мақсатында  Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауданның жас кәсіпкерлерімен кездесті.

Қадыржан Орынбасарұлы жас кәсіпкерлердің ойлары мен ұсыныстарын тыңдап, өзара пікір алмасты.

Жас кәсіпкер5

Қазіргі таңда елімізде жұмыссыздықты  азайту, бизнесті дамытуға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар кеңінен жүзеге асырылып жатыр.

Елімізде жастарды кәсіпкерлік іске тартып, оның аясын кеңейтіп, дамытуға айырықша назар аударылып келеді.

 Бүгінде  ауданымыздағы кәсіпкерлікке бет бұрған тұрғындарға қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие беріліп жатыр.

Ауданда  шағын кәсіп ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың саны артып жатыр.

Жас кәсіпкер 1

Айтулы шарада жас кәсіпкерлер «Kami House» тамақтандыру орнының негізін қалааушы Камшат Шұқанова, мерекелік безендіру саласының маманы  Айжан Құлтаева, «Фастфуд Дәмді» кәсібінің иесі Жанаргүл Ғабдиева, «SuItan Mobilc» электроника дүкенінің негізін қалаушы Сұлтанбек Ерахметов, ересек ерлер мен балалар шаштаразы Әли Абатұлы, «Көркем» дүкенінің иесі Гүлнұр Жолдан өздерінің қолға алған кәсіптері туралы әңгімелеп, оны дамту мақсатындағы ойларымен бөлісті.

Аудан әкімі мен кәсіпкерлік саласының мамандары жас кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарып, түсініктер берді.

Аудандық мансап орталығының әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту маманы Ерлан Қайырлиев пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының бас маманы Қанат Бадақов 35 жасқа дейін берілетін қайтарымсыз грант және «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша берілетін несие туралы айтып берді.

Жас кәсіпкер

Кездесу жиынын қорытындылаған аудан әкімі  Қадыржан Орынбасарұлы жас кәсіпкерлердің алдағы жұмыстарына  сәттілік тіледі.

Жастар арасында кәсіпкерлік аясын кеңейту бағытында көңіл көншітетіндей жұмыстар жүріп жатыр.

 - Бұрын көбіне малдандыру мақсатында грант беріліп келсе, қазір түрлі өндіріс ашуға грант алуға  мүмкіндік бар.

Кәсіпкерлікке бел буған жастарға атқарушы органдар тарапынан заң шеңберінде қолдау көрсетіледі.

Жастарымыз жан-жақты білікті, іскер жандар. Аууданның әлеуетін арттыру бағытында  жастарды кәсіпкерлікке кеңінен тарта түсуіміз керек,  -  деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

                                                                                              Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале