31.08.2023, 14:30
Оқылды: 12

Жас марафоншылар жеңіс тұғырынан көрінді

Алматыда «Almaty Halyk Race – 2023» халықаралық марафоны өтті. Аталған додада Казталов ауданының марафоншылары да бақ сынап жеңіс тұғырынан көрінді.

IMG-20230829-WA0059

Халықаралық жарысқа Ресей Федерациясы Қырғызстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Испания, Саха (Якутия) Республикасы және Қазақстанның көптеген аймағынан 1200-ге жуық спортшы қатысты.

IMG-20230829-WA0061

Жарыс ересектер және балалар арасында ұйымдастырылды. Ауданымыздың намысын қорғаған Сержан Нұржан бір шақырым қашықтықта топ жарса, Ерхан Талғат 1,5 қашықтықты жүгіріп өтіп, жүлделі І орынға ие болды. Ал үш шақырым қашықтықта жүгіруден Мағжан Нұржан жүлделі ІІ орынға ие болса, Даниял Ғилым үздік төрттікті түйіндеп, қаржылай сыйлыққа ие болды. Ересектер арасында бақ сынаған жерлесіміз Баубек Ілиясов 10 шақырым қашықтықты жүгіріп, мәре сызығына алтыншы жетті.

IMG-20230829-WA0062

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20230829-WA0057

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале