Warning: session_start(): open(/tmp/sess_jc6ch7j26tljm925p9u2vj06dl, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жас мұғалімдер сынға түсті - официальные новости ЗКО
8.10.2023, 18:53
Оқылды: 521

Жас мұғалімдер сынға түсті

Ұстаздар күні мерекесіне орай Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен зияткерлік сайыс өтті.

IMG-20231005-WA0060

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» КҚ-ның қолдауымен болған білім додасы «Қазақша Quiz» деп аталды. Онда додада 11 команда сапында Бәйтерек ауданының 50-ге жуық жас мұғалімі бақ сынады. Тартысты сайыс «Жауап», «Біз білетін өлең», «Тұлғаны тап», «Кино көрем», «Бәс» атты кезеңдерден тұрды.

IMG-20231005-WA0071
Нәтижесінде бірінші орынды «Қасым қырандары» (Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ), екінші орынды Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ ұстаздары, үшінші орынды «Ұшқын жас ұстаздар» (Мичурин МББҚ) иеленді. Барлық қатысушылар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Нұрсұлу Атамекен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале