7.10.2021, 13:57
Оқылды: 37

Жас палуандар жүлделі оралды

Ақжайық ауданында қазақ күресінен 2006-2007, 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер, 2001-2003 жылдары туған жастар арасында қазақ күресінен республикалық "Жас барыс" турнирінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.

07413680-7088-4364-B7FB-7DD37E2E3142

Ұлттық спорт, соның ішінде қазақ күресін дамытуға бағытталған ірі жарысқа өңірдің ең үздік деген жас палуандары жиналды.

Байрақты бәсекеде Бәйтерек ауданының палуандары бақ сынасты. Нұрлан Парахатов пен Наурызбек Сәпиевтің қол астында жаттығатын боз кілем шеберлері қанағаттанарлық нәтиже көрсетті.

55 келіде боз кілемге шыққан Нұрбол Тынышбаев, 66 келіде белдескен Ахмет Мұратов пен 72 келі тартатын Аслан Бегалиев үшінші орын иеленді.

-Үш қола бұйырды. Көрсеткіш қанағаттанарлық. Палуандардың бабын келістіріп, келесі жарыстарда алтын медальға белдесуіміз керек,- дейді бапкер Наурызбек Сәпиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале