19.03.2023, 12:02
Оқылды: 22

Жас сайлаушы алғаш рет дауыс берді

Сырым ауданындағы мәуелі бәйтеректей жапырағы жайылған елге сыйлы, мерейлі әулет Жоламановтар жанұясымен №290 сайлау учаскесіне келіп, таңдауларын жасады. Әулеттің анасы Мария Мұхамбетқалиеваның немересі Ерұлан Тауфих алғаш рет дауыс берді.

ea4c9776-bf9a-4f96-af08-feb4c3d3c14e

28 қарашада 18 жасқа толған Ерұлан Орал қаласындағы Назарбаев мектебінің 12-сыныбында оқиды.

1a55b26c-08bc-4a98-8746-20ea31d8a4ef

Ерұлан Аянұлы өзінің даусы маңызды екенін ұғынып, сайлауға келді.

— Бүгін елімнің болашағы үшін таңдау жасадым. Бұрын теледидардан көріп, «Біз қашан сайлауға қатысып, дауыс береді екенбіз» дейтінмін. Қазір сол күнге жетіп отырмын. Сайлауға қатысу — кемел келешекке ұмтылған әрбір азаматтың парызы деп білемін, - дейді жас сайлаушы.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале