9.09.2025, 18:09
Оқылды: 388

Жас сайлаушылар клубы құрылды

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан "Жас сайлаушылар клубы" құрылды. Негізінен белсенді жастардан тұратын бұл клуб ауданның аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы диалог алаңы болып табылады.

сайлау комиссиясы

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Қаржауов, төрағаның орынбасары Жұпар Имашеваның қатысуымен өткен жиында белсенді жастар клубтың төрағасын, оның орынбасары мен хатшысын сайлап алды. Ерлан Қаржауов аталған жиында клуб ерікті түрде жұмыс істейтінін және өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңын және "Жас сайлаушылар клубының" ережесін басшылыққа алатынын қадап айтты. Ал клубтың ережесі Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген. Клубтың мақсаты және міндеттерімен танысқан клуб мүшелері "Жас сайлаушылар клубының" төрайымы етіп Айкөркем Зұлқашеваны сайлады.

Жалпы, клубтың мақсаты жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын ояту, жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, саяси-құқықтық сауаттылықты арттыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы дамыту, болашақ сайлаушылар ретінде жастарды демократиялық құндылықтарға тәрбиелеу. Ал енді клубтың міндеттеріне жастарға сайлау жүйесі, олардың сайлау құқығы туралы ақпарат беру, сайлауға қатысудың маңыздылығын насихаттау, ерікті, байқаушы немесе көмекші ретінде жастардың сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ету, т.б. кіреді екен. Бір сөзбен айтқанда, жастарды қоғамдық өмірге дайындау, елімізде болып жатқан қоғамдық істерге бей-жай қарамауға үйрету және қоғамдық өзгерістерге өз үлестерін қосуға тарту.

Дариға Нұрашова, 

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале