7 ақпан күні аудандық орталықтандырылған кітапханада ауданның белсенді жастарының қатысуымен жиын оздырылды. Жиында «Жас сайлаушылар» клубы құрылды.
Еліміздегі басты саяси науқан қарсаңында елде жас сайлаушылар клубы сайлау процесінің өзекті тұстарына назар аударып, жастардың саяси сауаттылығын арттыруға атсалыспақ.
- Клубты құрудағы мақсатымыз - жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру. Клуб мүшелері өңіріміздегі науқанның қалай жүріп жатқанын бақылау, сонымен қатар белсенді қатысу. Кейбіреулер өздері байқаушы болады, сайлау кезінде қызмет атқарады. Кейбір жастар сайлауға қатысып жатқан тұлғалардың көмекшісі болады. Біздің ауданымызда тұрып жатқан тұрғындарға сайлауға қатысуын қамтамасыз ету, - деді клуб төрағасы Мұқағали Шоқпанов.
Клуб жұмысына жас сарапшылар мен белсенді жастар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мүше бола алады.
Бекарыс Әбіш,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz