Жәнібек ауданы орталығындағы Тайыр Жароков атындағы мектепте Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті.

Өскелең ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттыру, болашаққа нық сеніммен қарауға үйрету, ең басты құндылық – Тәуелсіз Қазақстан екендігін ұқтырып, әскери-патриоттық қалыпқа тәрбиелеу мақсатында құрылған сыныптың қатарына мектептің озат, үлгілі шәкірті ретінде 5 «ә» сыныптың 24 оқушысы қабылданды.

Салтанатты жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина, ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабаш Жүнісов, ҰҚК шекара қызметінің 2036 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары, подполковник Нүсіп Қуанышбек, Жәнібек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Арман Ахонов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Дәурен Сәрсенов, 21-ші Өрт сөндіру бекетінің бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Жақсылық Есентаев, аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Мөлдір Әбдірешова және аталған мектептің директоры Сержан Қошанов қатысып, сөз сөйледі.
Жиын барысында оқушы Тоғжан Қабаштың орындауында «Мен елімнің ертеңі» әні шырқалып, одан кейін «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігіне ант қабылдау рәсімін орындалды.
Гүлім Асқарқызы
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер