Бөрлі ауданында жас саясаткерлер мектебі құрылды. Мектептің ең алғашқы кездесуі жастар ресурстық орталығында өтті. Бұл мектептің мақсаты – жастардың саяси белсенділігін арттыру және әлеуметтік қолдау көрсету.
Жиынға мемлекеттік қызметтің ардагерлері Мұханбетқали Ақтауов пен Жұпар Имашева қатысты. Жастармен сайлау, саясат туралы әңгіме құрып, олардың көз қарастарын тыңдады. Жиналғандардың бәрі де ауданда өткізіліп жатқан шараларда белсенділік көрсетіп жүрген жастар.
-Ауданымызда жас саясаткерлер мектебінің ашылуы өте орынды. Себебі саясатқа білімді жастарды тартуымыз қажет. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін деген жастар жоғарғы оқуға түскеннен бастап әзірленуі керек. Ел үшін, аудан үшін жұмыс атқарамын деген азаматтар қазірден дайындалуы тиіс деп санаймын, - деді Мұханбетқали Қуанышұлы.
Шара барасында мемлекеттік қызметтің ардагерлері жастармен танысып, сайлау туралы олардың пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz