4.12.2023, 16:45
Оқылды: 28

Жас таланттар фестивалінде екінші орынға ие болды

Осыған дейін Сырым ауданындағы А. Ғұбайдуллин атындағы саз мектебінің оқушысы Жанерке Оңғарбекованың Ақтау қаласында өткен аймақтық байқауда топ жарып, Мәскеу қаласына жолдама алғанын жазған едік.​

PHOTO-2023-12-04-11-14-07

«Жас толқын» жас таланттар фестивалін Каспий Құбыр желісі Консорциумы ұйымдастырды.​

PHOTO-2023-12-04-11-14-07 (1)

Жанерке кеше Ресей астанасында, «Капотня» мәдениет сарайында өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Ол халық әні «Ақеркені» орындады.

Қазақ даласының тілі мен үні болған домбыраның дүбіріне орыс жұрты орнынан тұрып қол соқты.​

Жанеркенің ұстазы, белгілі әнші - термеші, саз мектебіндегі А. Ғұбайдуллин атындағы дәстүрлі ән сыныбының жетекшісі Дархан Қажығалиевтің айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық фестиваліне Ресейдің Астрахань, Краснодар, Новороссийск облыстарынан, Қалмақстаннан өнерпаздар қатысқан.​

Жанерке бүгін халықаралық байқаудың гала-концертінде ән шырқайды.​

Бауыржан Ширмединұлы,​

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале