Газетке қолдау көрсету үшін газет шығатын өңірдің тумасы болу міндет емес. Жаңақалалық кәсіпкер, белгілі меценат Саламат Сертековтың игі ісі осыны дәлелдейді.
Кәсіпкер Журналистер күніне орай «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 10 жас тілшісін аудандық басылымға жаздырып, оларға мерекелік тарту жасады. Енді редакциямен тұрақты байланыс жасап, мақала жазып жүрген жас авторлар мен газет байқауларына белсенді қатысатын жас оқырмандардың үйіне «Сырым елі» 6 ай тегін баратын болды.
Газетімізге қолдау білдірген Саламат мырзаға сау-саламат жүріңіз демекпіз!
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz