Жуырда Алматы облысында В.М.Чепельді еске алуға арналған спорттық туризмнен республикалық жарыс өтті. Аталған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 20-ға жуық команда қатысып, өз бақтарын сынады. Осы жарыста ауданымыздың құрама командасы нәтижелі ойынмен ерекшеленді.
Мектеп оқушыларының арасында спорттық туризмді дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыруды ту еткен жарыс өте тартысты өткенін айтады жас туристер. Тек аудан емес, бүкіл облыстың намысын қорғаған өрендер – Чапаев N 1 орта мектебінің оқушылары Азат Қабылқайыр пен Гүлмира Ерғали, Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Әлімжан Қайырғалиев, Тайпақ орта мектебінің оқушысы Самат Бекзат. Нәтижесінде А.Қабылқайыр «Байлам» қашықтығы бойынша ІІІ орынға ие болса, Г.Ерғали, Ә.Қайырғалиев, Б.Самат үздік бестіктің қатарынан көрінді. Оқушыларды аудандық балалар -жасөспірімдер туризм орталығының қосымша білім беру педагогі, «Тау туризмі» үйірмесінің жетекшісі Әди Темірболат дайындап, жетекшілік етті.
Айжан Ақыл,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz