1.07.2023, 11:45
Оқылды: 37

Жас туристер экспедициясы

Жуырда оқушылардың облыстық «Жайық - Урал 2023» туристік-экологиялық экспедициясы өткізілді.

347255835_1491054538303208_4092667992222134722_n

Экспедиция «Орал қаласы - Турбаза - Кушум - Ақжайық- Коловертное - Бударин - Жаңабұлақ» су маршруттары бойынша өткізілді. Экспедиция Орал қаласынан Ақжайық ауданы, Чапаев ауылына дейінгі аймақта өтті. Барлығы - 205 шақырым, 8 күн.

Жалпы экспедицияға 10 команда, соның ішінде Акжайық, Бөрлі, Казталовка, Каратөбе, Теректі, Жәнібек, Шыңғырлау аудандары және қалалық Атамекен туризм орталығы мен Орал қаласы және Жаңақала командалары қатысты.

Жаңақала ауданы Жас туристер станциясынан С.Мендешев ЖОББМ мен Жаңақала ЖОББМ-нің оқушылары қатынасқан.

347257608_1491054774969851_3120699952693665515_n

Туристік-экологиялық экспедиция барысында гидрологиялық, геоморфологиялық зерттеу жұмыстары мен метео бақылау жүргізіліп, топырақ жамылғысы зерттелді.

347584385_1491054634969865_8852643184820251498_n

Экспедиция барысы туристік қызықтарға толы болып, оқушылар керемет әсермен оралды.

 

А.Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале