9.11.2022, 20:43
Оқылды: 116

«Жас жұлдыз» ән байқауы өтті

2022 жыл – Балалар жылына орай Жаңақала ауданындағы мәдени-демалыс орталығында «Жас жұлдыз» аудандық ән байқауы өтті. Жас таланттарды анықтайтын байқауға іріктеу кезеңінен өтіп, қарсыластарынан оза шапқан Азидолла Жандәулет пен тәлімгері Қуанышбек Айдарбеков, Нұрислам Өмірсерікұлы мен тәлімгері Камила Жексенғалиева, Гүлханым Зейнолла мен тәлімгері Мерей Жұмашев, Меруерт Тұрарбек және тәлімгері Анита Қанатова, Айзере Хадим мен тәлімгері Жанболат Мұсағалиев қатысты.

20221109_163008

Үздіктерді анықтайтын сайыста аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Танзенов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ақпарат бөлімінің басшысы Олжас Сейтимов, облыстық байқаулардың жүлдегері, әнші Сәтжан Баязиев, Бірлік ауылдық жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы Манас Болатов әділ қазылар алқасының қатарынан табылды. Сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатарында Жадыра Төлеуғалиева, Жалғас Нығметов, Жанайдар Болатбекұлы болды.

20221109_172321

Сайысқа сақадай сай тұрған қатысушылар байқаудың І кезеңінде жекелей ән айтып, өнер көрсетті. Бірінен бірі асып түсетін өнерпаздар ІІ кезеңде тәлімгерлерімен бірге бейнежазба түсіріп, өздерін таныстырып, дайындық кезеңіндегі үзінділермен бөлісті. Содан соң көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын, әсем әндерін шырқап кетті. Әр өнер көрсетуші жұпқа сарапшылар дауыс ырғағы, ән таңдаудағы бағыттары, сахналық киімі жағынан көзқарастарын білдіріп, бірін мақтаса, біріне сын да айтылып жатты.

20221109_180310

Үміткерлердің қобалжуына себеп болған, көрерменді ынтық қылған ән байқауының нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен «Үздік ән» номинациясымен Азидолла Жандәулет, «Үздік жұп» номинациясымен Гүлханым Зейнолла және Мерей Жұмашев марапатталса, Нұрислам Өмірсерікұлы –«Көрермен көзайымы» номинициясын, Гүлханым Зейнолла мен Жанболат Мұсағалиев – «Үздік тәлімгер» номинациясын иеленді. Ал «Жас жұлдыз» жобасында Меруерт Тұрарбек жеңіске жетіп, бас жүлдеге ие болды.

Нұргүл Елтайқызы, 

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале