ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ел халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдап шықтым. Қос министрлік құрылады дейді. Иә, әрине ол жақсы үрдіс. Алайда, жасанды интеллекттің зиянды жағын да қарастыру керек. Бұны да Президент атап өткен болатын. Ендігі жерде бұл жұмыстар іске асып, дұрыс жағынан жүргізілсе екен.
Сонымен қатар ақпарат министрлігін де осы цифрлық даму министрлігіне қосса деген ойымды жеткізгім келеді. Қазіргі ақпарат саласында бұрынғы ақын-жазушылардың кезіндегідей құлаш-құлаш материалдары өтпейді, ондай дүниені аса көп ешкім оқымайды. Қазіргі журналистер ақпараттық технологиямен бірге дамуы керек. Шетелдік ақпарат құралдары, түрлі ақпараттық платформалар жаңа технологияны қолданып, дамып жатыр. Ақпарат саласына да жаңаша жұмыс істеу қажет. Ол үшін заң, қаржы, білім беру, жүйелі бағдарламалар осы бағытта жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ БАҚ-қа қатысты саясат дұрыс жүргізілуі қажет.
Гүлзара Тілекқабылқызы,
Жәнібек аудандық "Шұғыла" қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы