8.06.2017, 19:39
Оқылды: 55

Жасанды түсік жақсылыққа апармайды

 Janakala jasandi tysik  Жаңақала ауданында аборт жасату кездесе ме? Әрине, жоқ деп ешкім де айта алмайды. Бұрын мұның есебі болатын. Жылына 20-25 әйел жасанды түсік жасататын. Әрине, олар заңды жолмен, яғни медициналық (денсаулығына) және әлеуметтік жағдайларына қатысты ғана  жасатып жүрді. Қазір ше?

   Бұл ақпаратты алу мүмкін болмады. Өйткені осы ақпаратты сұраған хатымызға аудандық аурухана әкімдігінен «Аудан жағдайында аборт жасалынбайды. Жылына Орал қаласына аборт жасатуға 4-5 әйел ғана жібереміз. Кәмелетке толмаған қыз балалар аборты тіркелген жоқ» деген жауап алдық.


   Әрине, аборт жасататындар саны  азайса жақсы ғой. Бірақ бұл жауап дәл ақпар дей алмаймыз. Себебі аборт ауданда жасалмайтын болғасын өз беттерімен облыс орталығына барып жасататындар жоқ деп ешкім де айта алмайды. Соның ішінде қыз балалар арасында да. Бізге түскен ақпарат көздеріне сүйенсек, «2014 жылы да, 2015 жылы да кәмелетке толмаған төрт қыз бала аборт жасатқан. Демек, қыз балалардың жүкті болуы әлі де бар. Бұл біздің қасіретіміз. Ол үшін пәктігі ана сүтімен беріліп, тәрбие бесіктен басталғаны абзал. Әйел азса – ел азады. Осыны түсінгеніміз жөн.

Өмірзақ АҚБАСОВ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале