23.07.2025, 15:00
Оқылды: 234

Жасөспірім қауіпсіздігіне кім жауапты?

Сырым ауданы әкімдігінің күн тәртібінде мінез-құлық және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмі және суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету, уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен кәмелетке толмағандардың жазғы мезгілдегі жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу, білім мекемелеріндегі жол қауіпсіздігі мәселелері жөнінде жиындық отырыс өткізілді.

жасөспірім қауіпсіздігіне кім жауапты 1

Жиында балалардың жазғы демалысының тұрақты, қауіпсіз, тиімді өтуі және лагерь жұмысы, серіктес мекемелердің қолдауы, жасөспірімдердің қауіпсіз өмір сүруі, қоғамдық тәртіпті қалыптастырудағы рөлі туралы, психологиялық қолдау көрсету, сиуцидтің алдын алу жөнінде сонымен қатар балалардың қолайлы өмір сүруіне жасалған жағдайлар бағытындағы мәселелер қаралып, осы бағыттағы арнайы мамандардың пікірі тыңдалды.

Оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді өтуіне бірден-бір себеп мемлекет тарапынан ұйымдастырылатын жазғы демалыс лагерьі. Ал, балалардың биылғы жазғы демалысын ұйымдастыру қалай жүзе асырылуда? Бұл жөнінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов тарқатқан болатын.

жасөспірім қауіпсіздігіне кім жауапты

– Аудандық деңгейде ұйымдастырылған «Достық» жазғы лагері 2025 жылы 3 маусым мен 11 тамыз аралығында жұмыс атқарды. Лагерьде 9 кезең бойынша әр кезеңде 40 баладан, барлығы 320 оқушы демалды. Лагерьде ұйымдастырылған демалыс құрылымы балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына және шығармашылық қабілеттеріне сай жоспарланып, жүзеге асырылды. 16-20 маусым аралығында Аралтөбе ауылы маңында шатырлы лагерь құрылып, онда 200 оқушы демалды. Табиғат аясында ұйымдастырылған бұл лагерь экологиялық және патриоттық тәрбие беру бағытында ерекше үлгі бола алды.

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Әлия ауылында орналасқан Әлия Молдағұлова атындағы музейге 20 балаға арналған тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

жасөспірім қауіпсіздігіне кім жауапты 2

Сонымен қатар, «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталғы» жанынан 120 балаға арналған «Baby Time» аула клубы ұйымдастырылды. Аула клубы жаз мезгіліндегі бос уақытты тиімді өткізуге және әлеуметтік жағынан осал отбасылар балаларының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған, -дейді білім беру бөлімінің басшысы.

 

Қ.Жеңісұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале