Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен Чапаев, Тайпақ, Қабыршақты және Есенсай ауылдық округтеріндегі қыз-жігіттер «Ер есімі – ел есінде» атты акция өткізді.
Олар Ұлы Отан соғысы боздақтарына арналған ескерткіштерді көріктендірді. Ескерткіштер тұрған алаңдар мен маңайлары тазартылып, төңірегіндегі жасыл желекке күтім жасалды. Жеңіс күні құрметіне жастар ауылдар тазалығына байланысты басқа да жұмыстар жүргізуде.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz