Шыңғырлау ауданы әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралып, олар бойынша жан-жақты талқылау жүргізілді.

Жиын барысында комиссия мүшелері көтерілген мәселелерге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарын бекіту мәселесі қаралды.
Отырыс қорытындысында аудан әкімі мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен насихаттауды, сондай-ақ аудан жастарымен тығыз байланыс орната отырып, жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы