Жуырда жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен Калинин мәдениет үйі Бәйтерек ауданы жастарының басқосуын ұйымдастырды.
Жастар саясатын дамыту, жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу, сондай-ақ қолдау мен дамыту мақсатында өткізілген кездесуге түрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшы қатысты.
Барлық санитарлық талаптарды сақталуымен өткен жиында биыл атқарылатын жұмыстар мен ауданда жүзеге асырылатын шаралар талқыланып, жас мамандардың сауалдары мен ұсыныстары тындалды. Сондай-ақ ел болашағы саналатын жас буынның біртұтастығы мен өзара ынтымақтастығы сөз болды.
Шара барысында әр жас өзекті мәселелерді ортаға салып, кеңестерімен бөлісті.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz