27.11.2024, 16:00
Оқылды: 12

«Жастар керуені» Бөкей ордасына барды

Бөкей ордасына «Жастар керуені» жобасы бойынша бір топ делегат келіп, түсінік жұмысын жүргізді.

image-27-11-24-12-00-1
Өз іссапарын Хан орда ауылынан бастаған топ музей қорығынан барды. Ал жоба жетекшісі, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының атқарушы директоры, тарих ғылымдарының магистрі Айболат Құрымбаев жоба негізімен таныстырып өтті.

image-27-11-24-12-00

– Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің болашағы, мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Тәуелсіздік рухымен өскен бүгінгі жас буын – біздің үмітіміз бен сеніміміз. Олардың әлеуетін толық ашу үшін мемлекет түрлі бағдарламаларды іске асыруда. Алайда көптеген жастар бұл бағдарламалар туралы толық ақпараттан хабардар емес. Осы кемшілікті жою мақсатында «Жастар керуені» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Жастар керуені» облыс аудандары мен ауылдарын аралайды. Жоба аясында ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы және «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» сұхбатын жастар арасында түсіндіруді ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіру бойынша ауыл және оқушы жастардан ұсыныстар жинау болып саналады. Бұл жобаның арқасында жастардың жұмыссыздық деңгейі жылдан-жылға төмендеп, бизнес түрлерін ашқан жастар көбейіп келеді. Ресми статистика да осыны растап отыр. Мемлекеттің жастарға деген қолдауының нәтижесінде оң өзгерістер байқалуда.
«Жастар керуені» – ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына бағытталған жоба. 11-27 қараша аралығында Сырым, Қаратөбе, Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Тасқала, Бәйтерек, Ақжайық, Казталов, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала аудандарында 1 300-ге жуық жаспен кездесу өткізіледі. Кездесулер барысында жастардың өзекті мәселелері тыңдалып, оларға мемлекеттік бағдарламалар, ұлттық құндылықтар, кәсіпкерлік, отбасы тәрбиесі, волонтерлық жұмыс және т.б. тақырыптарда ақпарат берілді. Тренерлер жастармен пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді. Спорттың түрлі салаларынан жетістікке жеткен жас спортшылар бос уақытты тиімді өткізудің жолдарын үйретті. Кездесулер Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері дайындаған концерттік бағдарламалармен аяқталып, жастарға жағымды әсер сыйлады. Әр ауданның жастарының өзекті мәселелері мен пікірлері әр түрлі болғанымен, жобаның мақсаты – оларға қолдау көрсету және болашаққа сенімділікпен қарауға бағыттау, - деді Айболат Шамұратұлы.

image-27-11-24-12-00-2

Делегаттардың іссапары Бисен ауылында жалғасты. Аудан жастарымен кездескен қонақтарымыз бірқатар мәселені көтеріп, әр түрлі бағдарламалар бойынша түсінік жұмыстарын қолға алды. Мысалы, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сәрсенбаев спикер ретінде жастарға қатысты өзекті мәселелерге тоқтала кетті.

Ал аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім қызметкері Берік Қожантаев қазіргі таңда Отан алдында борышын өту мәселесін талқыға салды.

Жастармен кездесу концерттік бағдарламамен жалғасты.

Темхар Рахметтола

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале