Бөрлі ауданына "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты ақпараттық-насихаттық жастар керуені келді.
Ақсай қаласындағы №6 мектеп-лицейінің акт залында өткен кездесу барысында жастарға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Әділгерей Зұлхаров, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының ақпарат бөлімінің жетекшісі, "Танылмаған талант" жобасының авторы Олжас Сейтімов, айтыскер ақын Жарқынбек Шынтаев өздерінің жеткен жетістіктерін айтып, тәуелсіздік, ынтымақ, бірлік туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар қатысушы жастар сұрақтарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Шараға Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еңбек жолын бастаған ұстаздар да қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Топ мүшелері алдағы уақытта облысымызда "Жас ақын", "Жас тілші" және еріктілерге қатысты жобаларының іске асырлатындығы туралы айтып өтті.
Кездесу түрлі тренингтермен жалғасын таппақ.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz