Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен журналистика саласының қыр-сырымен танысу, қоғамдағы өзекті тақырыптарды ортаға салу мақсатында жастар аудандық «Орда жұлдызы» газетінің тілшілерімен кездесті.
Басқосу барысында ардагер журналист, тарихшы Амантай Хамзин өлке тарихы туралы сыр шертіп, журналистиканың бүгінгі жай-күйіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, газет тілшілері Раушан Бақытова мен Арайлым Есмағұловалар да бұл салаға қалай келгендері жөнінде әңгімелеп, қоғамдағы өзекті мәселелер турасында ойларын ортаға салды.
Ернар Шакенов,
Бөкей ордасы ауданы