19.03.2023, 10:35
Оқылды: 43

Жастар ұжымы дауыс берді

ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы қатысып, таңдау жасады. Ұжым өзінің бірлігі арқылы көпке үлгі болып отыр.

IMG-20230319-WA0112

- Біз болашаққа сеніммен қараймыз. Сайлауға еліміздің кәмелетке толған әр азаматы қатысуға міндетті. Осы  орайда біз сайлауға деген ұжымдық көзқарас қалыптастыруды қолға алып, өзіміздің таңдауымызды жасадық. Ұжымдық дауыс беру халықтың сайлауға деген оң көзқарасын қалыптастырады деп сенемін, - деді Мұқағали Шоқпанов.

Жалпы Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы аудандағы көптеген құнды дүниеге бастамашы болып жүр. Бұл бірлігі жарасқан ұжымның жетістігі.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале