17.05.2017, 16:52
Оқылды: 57

Жастар Жәнібекте бас қосты

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев бастаған делегация Жәнібек ауылына ат басын тіреді. Жастар алдымен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша салынған үйлерді аралады. Былтырғы жылы осы бағдарлама аясында жаңа қонысқа ие болған Руслан Нұрәлиевтің шаңырағына кіріп, ақтан дәм татты.


Шара барысында Сырым, Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының басшылары Досжан Тайшиев пен Сағынбек Стамов атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Досжан Ересұлы Сырым ауданында «Жастар тәжірибесінің» жүзеге асырылуы, «Жасыл ел» жасағының бастамасы жайында, Сағынбек Досетұлы Жәнібек ауданындағы ресурстық орталықтың мекеме, жеке кәсіпкерлермен серіктестік туралы келісімшарттары қандай деңгейде және «100 нақты көмек» жобасы аясында қандай жұмыстар атқарылғандығы жөнінде жауап берді.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Мержан Әбілқас негізгі жобалар бойынша жұмыстардың жүргізілуі, жастардың кәсіпкерлікпен айналысуы, «100 нақты көмек» жобасының іске асырылуы бойынша алдыңғы қатарда жұмыс атқарған аудандарды атап көрсетті. Сонымен қатар «Жастарға жұмыс» жобасы, «Жасыл ел» жасағы жайында жан-жақты түсіндіріп, әр ауданда осы екі жобаның нақты іске асырылуын талап етті. Басқосуда аудандағы діни ахуал туралы Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Азат Қаратай баяндады. Алқа жиынында жастар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, мәжілісті қорытындылады.

Арайлым КЕСЕКОВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

                                                                   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале