28.06.2021, 18:00
Оқылды: 125

Жастар жас тілшіні құттықтады

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева «Ауыл тынысы» газетінің жас тілшісі Аружан Аманжолды кәсіби мерекесімен құттықтап, алғысхат ұсынды.

94400D59-99AA-44AF-8252-630EF1BAC84A

-Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Еліміздің руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілейтін біздің ең жақын серігіміз «Ауыл тынысы» газеті ауданымыздың рухани шамшырағы, ғұмыр айнасы екені баршамызға белгілі. Аудан көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз газет бетінде жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Сіз арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпаратты алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық.

CABB6A80-672A-4434-B899-7A845CBC95D8

Нақты адами ұстаным мен болып жатқан жайтқа бейжайлық танытпай, мақсатқа жетуге ұмтылу сіздің мамандығыңыздың ерекше қыры. Сізді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін,- деді ресурстық орталық басшысының құттықтауын жэеткізген аудандық мәслихат депутаты, белсенді жас Ұлданай Сейтқалиева.

Сондай-ақ мереке күні жас тілші партия қатарын толықтырды. «Nur Otan» партиясы қатарына өткен Аружан Болатбекқызына партия билетін аудандық газет редакторы Т.Бисен табыстады.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале