21.10.2021, 9:35
Оқылды: 43

Жастар жеңіс туын желбіретті

Таяуда Теректі ауданында «Алтын күз» мерекесіне арналған қазақ күресі өтті. 2008-2013 жылдары туған кіші жасөспірім ұлдар арасында ұйымдастырылған Орал спорт клубының ашық қалалық турнирына 400 жас спортшы қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе қаласы, СК Орал мен Жаңақала, Ақжайық, Тасқала,«Жекпе-жек», 4 БЖСМ, Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылының спортшылары да бар.

IMG-20211018-WA0007

 

Турнир нәтижесінде,  С.Төлеген ( 20 келі салмақ), 1-орынды иеленді. Ал Ә.Төлеген ( 23 келі), Е.Браун (32 келі), Қ.Нұрсұлтан (35 келі), Ә.Бөгенбайлар ( 38 келі) жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

 

Айта кетейік, жас спортшылардың жаттықтырушылары Нұрсұлтан Болат пен Шыңғыс Қажиакбаровтың еңбегі орасан зор.

Елырыс Елмұрат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале