4.05.2022, 14:30
Оқылды: 40

Жастарға рух берген сарбаз

Азат елдің айбыны – қазақ әскері.  Отанның тәуелсіздігін, тыныштығын, шекарасының бүтіндігін қорғайтын жауынгер болу әрбір ер азамат үшін зор құрмет екенін Елбасы айтты. Сырым колледжі  жастарға кәсіптік  білім беріп қана қоймай, отансүйгіш ержүрек әрі батыл ұрпақ  тәрбиелеуге атсалысып келеді. Сонау жаугершілік заманда қолынан найзасы түспеген батыл елдің бүгінгі сарбаздары Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуде. Әскер - Отан алдындағы борыш қана емес, жігіттің өмір мектебі санайтын колледж түлектері жыл сайын әскерге баруға өздері сұранып, Отан алдындағы борышын өтеп келуде. Әскер қатарында жүрген және әскери борышын өтеп келген колледж жастарымен  өтетін «Әскерге бар, жас дос!» атты жаңа айдар да студенттерге өте қызықты.

15

Жуырда 2017-2020 жылдар аралығында «Аспазшы» мамандығы бойынша оқып, диплом алып, әскерге барып келген колледж түлегі Хайыржанов Аманбек Мақсотұлы «Әскерге бар, жас дос!» айдарының  қонағы болды. Кездесуде Аманбек өзін «ермін» деп санайтын әр жас әскерге баурға міндеті екенін, туған жердің, отаьсының ата-ананың, достардың қадірін ұғынып, сыйластықты арттыруға сеп болатынын айтты.

Аманбек 2002 жылы дүниеге келген, Бұлдырты орта мектебінің 9-сыныбын бітіріп, «Аспаз» мамандығы бойынша колледжге оқуға түсті. Үш жыл бойы жатақханада тұрды. Колледжде өтетін шараларға белсене қатысып, дос-жарандары арасында сыйлы болды. Әсіресе, өндірістік сабақтарға бар ынтасымен қатысып, «Аспаз» мамандығының қыр-сырын үйренуге тырысты. Көркем сөзді нақышына келтіріп оқуда да Аманбек алда болды. Жылы жүзді, үнемі жымиып жүретін Аманбек өзінің ұқыптылығымен, өнерімен  сүйсіндірді. Колледжішілік «Құрмет тақтасында» да тұратын ол облыстық көптеген жарыстардың жеңімпазы атанып,  көпке үлгі бола білді.

16

 

Аманбек Хайыржанов 2020 жылдың  9 қазаны мен 2021 жылдың  1 қарашасына дейін Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, №2087 шекара бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеді.  Үлгілі студент болған Аманбек үлгілі сарбаз да атана алды. Ата-анасы, бауырларымен  аман-есен қауышты.

Айта кетейік, биыл 20 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп елге оралатын болса, 19 жасты әскерге жіберу жоспарланып отыр. Оның бүгінде 4-еуі әскерге аттандырылды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале