Тамыз айының 11-12 күндері Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының жастарына арналған «Жайық Жастары» фестивалі өтеді.
Фестивальға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатысады. Бұл сайыста 13 команда спорт және өнер бағыты бойынша бақтарын сынайды.
Атап айтатын болсақ, «Аспапта орындау шебері», «Үздік ақын», «Үздік суретші», «Хореография», «Үздік дәстүрлі және эстрадалық әндерді» орындаушы анықталып, шағын футбол, волейбол, киберспорт, тоғызқұмалық, үстел теннисі, садақ ату және қазақ күресінен өнер көрсетеді.
Бүгін Жаңақала ауданы атынан фестивальға қатысушыларды аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев қабылдап, оларға қолдау білдіретінін айтып, сәттілік тіледі.
Жастар ойларын ортаға ашық айтып, аудан намысын қорғап, сенімдерін ақтайтындарын жеткізді.
zhaikpress.kz